«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған облыстық жиналыстың өткізілуі туралы мәлімет

16.11.2017

Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында 2017 жылғы 16 қараша күні облыстық жиналыс өткізілді.

Алғы сөзімен Ақмола облысы білім басқарма басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызы Дүйсенова сөз сөйледі. «Білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылық жұмыстарының анализі» туралы Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі Қосман Е.Т. баяндап өтті. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы Ақмола облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары - Мұсаев Р.С. хабардар етті.

Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Оспанова А.Н. «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының маңызы» туралы баяндамасымен таныстырды. «Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тәрбие жүйесінің ерекшелігі» туралы Көкшетау қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Есмағамбетова Ж.С. сөз сөйледі.

«Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясына «Дозор» бағдарламасын енгізу туралы» баяндамасымен Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясының директоры Винтер Е.Б. таныстырды. «Аутодеструктивті мінез-құлықты оқушыларды анықтауда «Дозор» бағдарламасының маңызы» туралы Көкшетау қаласы №1 орта мектеп-гимназиясының педагог-психологы Иманбаева Д.К. түсіндіріп өтті.

Жиналыс барысында құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі бағыттары қаралды. Білім беру ұйымдарындағы тиімді жұмыстардың практикалық әдістері ұсынылып, ұсынымдар жасалды.

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст