«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аршалы ауданындағы жаңартылған білім аясында 5-7 сыныптардың мұғалімдеріне арналған оқыту семинары бойынша ақпарат

08.11.2017

Қазіргі қоғамда болып жатқан заманауи өзгерістер, әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғағаның бойында шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылықты меңгертетін ол- жаңашыл ұстаз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев « Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап өткен. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту барлық негізгі бағыттар бойынша іске асырылады.

Білім мазмұнын жаңарту –орта білімнің моделін, оның құрамын, құрылысын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарау, оқушылар жетістіктерін жаңа бағалау жүйесі негізінде енгізу.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің ықыласы бойынша жаңартылған білім құрамының талаптарына сәйкес 5,7 сынып мұғалімдерін дайындау мақсатында а.ж. 7 қараша күні Аршалы ауданының №3Аршалы орта мектебі және №1 Аршалы орта мектебі базасында облыстық семинар өтті. Семинарға 5-7 сыныптардың 78 аса пән-мұғалімі, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық әдістеме кабинетінің әдіскерлері қатысты. Семинар бағдарламасы практикалық бөлімнен (ашық сабақтар) және дөңгелек үстелде теориялық бөлімді талдаудан құралды. Облыстық оқыту семинарының іс шарасы пән-мұғалімдеріне маңызды сұрақтарға жауап алуға көмектесті.

Просмотров: 497


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст