«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизм негізі» республикалық семинар –практикум туралы ақпарат

08.11.2017

2017 жылғы 1- 4 қараша күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Балдәурен» РОСО базалық (теориялық) және пәндік-теориялық (практикалық-бағдарланған) екі модуль негізінде республикалық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумды өткізу мақсаты мен міндеттері: Қазақстандықтардың санасының жаңа моделін қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея тұрғысында еліміздің жас азаматтарының патриоттық сезімін тәрбиелеу.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елбасының қойған міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының әрбір азаматының тіршілік етуінің аксиологиялық негіздерін қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек. Маңызды мәселелердің бірі заманауи жастарды патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Патриотизмнің тамыры ғасырлардан - ғасырларға жайылған, терең теориялық дәстүрі бар.

Республикалық семинар-практикумға Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының қызметкерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақмола облысының атынан пленарлық отырыста өз баяндамаларымен саяси ғылымдарының кандидаты, облыс бойынша инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев М. Ө., Зеренді ауданы Приреченск орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Стока Н. В., Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» бас менеджері Азербаев А. К.сөз сөйледі.

Барлық секциялар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының барысын талқылау бойынша сындарлы диалогтар үшін алаң болып табылды.

Іс-шара соңында "Біздің облысымыздың мақтанышы" тақырыбында «Балдәурен» РОСО оқушылары және семинар қатысушыларымен акция өткізілді.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст