А.ж. 25-30 қазан аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми- практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдығына орай «Өзін –өзі тану: Сүйіспеншілік және Шығармашылық педагогикасы» атты халықаралық педагогикалық форум өтті.
Форумның жұмысына алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар, психология ғылымдарының докторы Ш. Амонашвили (Грузия), доктор-ғалым Арт Онг Джумсай (Таиланд), Еуропалық жалпы адамзаттық құндылықтар институтының директоры Марианна Мейер (Германия), Петра фон Калиновски (Дания), педагогика ғылымдарының докторы И. Дерижан (Болгария), профессор, Ресей білім Академиясының корреспондент мүшесі, Джафар Маллаев (Ресей) және басқалар қатысты.
Ақмола облысынан семинарға білім басқармасының бас маманы Дюсеханова Қазиза Құдайбергенқызы, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Магавин Нұрлан Батырханұлы және пилоттық білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.