Ақмола облысы білім басқармасының мәжіліс залында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Георгиевич Гамазовтың модераторлығымен Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламалары талқыланды.
Комиссия құрамына басшылар, білім басқармасы бөлімдерінің бас мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, Ақмола облысы ТжКББ ұйымдардың басшылары. Отырыстың негізгі міндеті 2017-2021 жылдары біздің облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын одан әрі дамыту.
Отырыс қорытындысы бойынша колледж басшыларына "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды өткізу, студенттерді спорттық секциялармен, үйірме жұмыстарымен қамтуды ұлғайту; арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту; терроризм актілерін алдын алу мақсатында материалды-техникалық базаны жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылауды күшейтуге қатысты ұсыныстар берілді.
В. Г. Гамазов ТжКББ оқу беделін арттыруға ықпал ететін, сондай-ақ колледж бітірушілерге қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын ЖОО жалғастыруға мүмкіндік беретін, колледждердің білім беру үдерісіне қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.