Текст
Семинар Еңбекшілдер ауданындағы Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі базасында өткізілді. Семинарға ауданның 24 мектебінен 50 мұғалім шақырылды.
Сабақтар аяқталғаннан кейін жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерін сапалы енгізу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде өткізілген сабақтарды негізге ала отырып мұғалімдерге сабақты жоспарлау (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) критериалды бағалау, сынып журналы толтыру, оқулықтармен жұмыс жайында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Әдіскерлер мен ПШО тренерлері барлық сұрақтарға дәйектемелермен жауап беріп, сапалы әдістемелік көмек көрсетті.