Ақкөл ауданы білім бөлімінің сұранысы бойынша курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында 2017 жылдың 18 қазанында Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы тренерлері мен Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе «5,7 сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу үрдісі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинарға ауданның 22 мектебінен 90 мұғалім қатысты. Әртүрлі пән мұғалімдерінің 6 сабағына қатыса отырып, кәсіби әңгіме жүргізілді. Диалогтік алаңда мұғалімдерге функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жаңаша сабақтың негізгі идеяларын іске асырудағы қиындықтары мен жетістіктерін талқылауға мүмкіндік берілді. Критериалды бағалауды іске асыруға қатысты мұғалімдерде туындаған маңызды сұрақтарға жауаптар берілді.