«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үштілді білім беру аясында Ақмола облысындағы 27 пилоттық мектептердің мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг туралы

17.10.2017

Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің жоспарына сәйкес 2017 жылғы 13-14 қазан аралығында Ақмола облысындағы 27 пилоттық мектептердің мұғалімдеріне арналған оқыту семинар-тренинг өткізілді.

Семинардың ұйымдастырушылары "USTAZ" білім беру орталығының өкілдері «Астана кітап» баспасымен бірлесе отырып әдістемелік қолдау көрсету аясында Ақмола облысы бойынша ЖМБ мұғалімдеріне арналған «Билингвалды мұғалім» оқу бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласы «Білім-инновация» лицейінің базасында өткізді.

Семинар жұмысына 17 ауданнан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 64 педагог қатысты.

Семинарда "Астана кітап" баспасының ағылшын тілінде оқытылатын "Биология", "Химия", "Информатика", "Физика" пәндері бойынша жаңартылған білім беру мазмұнының оқулықтары таныстырылды. Оқулықтар педагогтердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Семинардың ерекшелігі дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің оқытушылары аталған оқулықтар бойынша өткізген оқыту тренинг-сабақтар болды. Екінші күні мұғалімдер CLIL оқыту әдістемесі аясында жанды пікірталас және электрондық ресурстар арқылы тренингте жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

Семинар мазмұны бойынша өте қызықты және мазмұнды, «Билингвалды мұғалім» оқу бағдарламасының аясында мұғалімдерге көмек ретінде интернет-ресурстарды пайдалану (бағдарламаларға қажетті сілтемелер) бойынша ұсыныстар ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша сертификаттар берілді.

Просмотров: 488


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст