«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2016-2017 оқу жылында өзектендірілген білім беру бағдарламаларын енгізу» атты семинар-практикумы

13.10.2017

Уақыт, технологияландыру, урбанизация, өнеркәсіп білікті кадрларды дайындауда жаңа тәсілдерді талап етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өндірістің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін мамандарды дайындауда. Білім берудің модульдік-құзыреттілік тәсіліне негізделген білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен, әлеуметтік әріптестер мен бірлесе отырып колледждердің педагогтерімен әзірленген және сапалы білім беруге бағытталған. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер 2016-2017 жылдарға «Кәсіпқор "Холдингі" КЕА өзектендірілген білім беру бағдарламаларын енгізуді бастады.

Көкшетау қ., азаматтық қорғау көпсалалы колледждің базасында 2017 жылғы 13 қазан күні колледж басшыларының оқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-практикум өтті.

Нормативтік құжаттар бойынша кейбір мәселелерді түсіндіре отырып, Ақмола облысы білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы М. Х.Тоқсанбаев және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКББ бөлімінің басшысы С.С.Сералина сөз сөйледі.

Семинар практикалық мәнде болды. Тыңдаушылар алдында тақырыптық-перспективалық және сабақ жоспарларын құру бойынша «Холдингі» Кәсіпқор» КЕАҚ-ның штаттан тыс жаттықтырушылары сөз сөйледі және шеберлік сағаттарын өткізді: А. К.Сембаева, М. С.Омаров, Н.А.Кузьмина, И. В. Шаймуратова.

Семинарға қатысушылар нормативтік құжаттарды талқылады, жаңа оқу жылы бойынша тәжірибелерімен бөлісті, білім беру бағдарламаларын енгізу және нормативтік құжаттарды рәсімдеу бойынша бірыңғай ұсынымдар қабылдады.

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст