«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мәңгілік ел бастауы – рухани жаңғыру" облыстық семинардың өткізілуі туралы мәлімет

12.10.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылғы 12 қазан күні білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел бастауы - рухани жаңғыру» облыстық семинары өткізілді.

Аталған іс шараның басты мақсаты өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш, Отан алдындағы борышын, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру.

Семинар жұмысына Ш. Уәлиханов атындағы КМУ оқытушылары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Департаментінің және Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат бөлімінің мамандары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинарды Ақмола облысы білім басқарма басшысының орынбасары Ботакөз Балапайқызы Дүйсенова алғы сөзімен бастады. «Мәңгілік ел – идеясын жаңғыртудағы Ақмола облысының қасиетті орындарының маңызы» баяндамасымен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ғалымтай Мәлікұлы Төлепбергенов сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Департаментінің бас маманы Сая Қуанышбекқызы Беккажанованың баяндамасы мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қағидаттарындағы өскелең ұрпақтың мәселелеріне арналды.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы, өңірдегі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бас менеджері Әсем Қайратбеккызы Азербаева «Жобалық менеджмент жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру» баяндамасы бойынша сөз сөйледі. «Ақмола облысының киелі объектілері» баяндамасымен облыстық тарихи-өлкетану мұражай директорының орынбасары Алма Сұңғатқызы Құнанбаева сөз сөйледі. "Рухани жаңғыру" бағдарламаның орындалу барысы туралы Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Ли Марина Борисовна айтып өтті. Жақсы аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Әлия Белгібайқызы Көпеева "Мәңгілік ел" ұлттық идеяның негізінде оқушыларды патриоттық тәрбиелеу туралы хабардар етті.

Семинар аясында «Рухани жанғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру мәселелері бойынша оқушылар арасында сындарлы пікірталас өтті, қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.

Просмотров: 488


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст