«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«От идеи к проведению» кәсіптік бағдар берушілердің әдістемелік семинары

06.10.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Щучинск қаласының Жоғары колледжі базасында облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен ұйымдастырылған әдістемелік семинар өткізілді. Жақсы ұйымдастырылған және жоспарланған кәсіптік бағдар беру жұмысы –өскелен ұрпақтың болашақ жетістігінің кепілі. Осындай ұранмен аудандық және қалалық білім бөлімдерінің және колледждердің кәсіптік бағдар беру жұмыстары жөніндегі үйлестірушілердің жұмысы өткізілді.

Колледждің мұражайына дәстүрлі саяхат ешкімді немқұрайлы қалдырмады. Келушілер директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Е.Уразгожинаны аса қызығушылықпен тыңдады.

Бұдан әрі жұмыс топтар бойынша жалғасты: туризм және сервис индустриясы колледжі, Щучинск қаласының педагогикалық колледж және жоғары колледжі.

Колледж ұстаздары кәсіптік бағдар беру іс-шараларының әр түрлі нысандарын әзірледі: мамандықтардың тұсау кесуі, виртуалды экскурсия, шеберлік сағаттар, диагностика, сауалнамалар, үгіт бригадаларының сөз сөйлеуі және т. б. Шеберлік сағатының соңында әр топ өз жобаларын қорғады. Осылай әр топ кәсіптік бағдар берудің көптеген нысандарын танып білді.

Семинарға қатысушылар идеядан шешімге келу –мектеп мұғалімдері мен колледждердің, кәсіпкерлер мен басқа да ұйымдардың үлкен ортақ еңбегі екеін түсінді.

Облыстың кәсіптік бағдар беру қызметінің жұмысын одан әрі жоспарлау, бастамашыл жұмыс тобын таңдау, тәжірибе алмасу, жағымды және жақсы көңіл – күй осы семинардың түйіндемесі.

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст