«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы ауданында өткен оқыту семинары бойынша ақпарат

04.10.2017

Курстан кейінгі қолдау көрсету аясында Жақсы ауданы білім бөлімінің шақыруы бойынша 2017 жылдың 3 қазан күні Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері Б.К. Рахымжанова, Н.В Котова, С.Б. Журунтаева және Ақмола облысы білім басқарамасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің» директоры Қ.Е. Құдабаева әдіскері М.И. Смаилованың қатысуымен Жақсы ауданының 5-7 сыныптарда сабақ беретін мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту мен оқудағы инновациялар және критериалды бағалаудың мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинарға 104 аудан мұғалімдері қатысты. Әр бағыттағы пәндер бойынша 9 сабаққа қатысып, мұғалімдерге жаңартылған бағдарламаның негізгі ерекшеліктері негізінде кері байланыс жүргізілді.Диалог алаңында заманауи сабақтың негізгі идеяларын жүзеге асыру мен функционалды сауаттылықты дамыту бойынша мұғалімдерге талқылау жұмысын жүргізуге мүмкіндік берілді.

Оқу-әдістемелік кабинеттің директоры Қ.Е. Құдабаева мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өзектілігін арттыруды ескерді. Сабақта критериалды бағалауды жүзеге асыру бойынша мұғалімдердің көкейінде жүрген сауалдарға жауаптар берілді.

Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст