Әдістемелік күндер Есіл ауданы С.Серіков атындағы орта мектебінің екі аудиториясында өтті. Барлығы 90 адам қатысты.
Кеңестік – әдістемелік көмек көрсету диалогтық алаң нысанында белсенді түрде өтті, нормативтік – құқықтық база, ҰББДҚ қатысты мәселелер, Күнделік КZ электрондық журналды толтыру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту индикаторларына кіретін тарифтеу, жаңартылған білім беру мазмұнынының аясында педагогтарды курстық даярлау кезінде қосымша орындар туралы, курстан өтетін мұғалімдерді ауыстырған кезде инварианттық компонентті сағаттарды өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтар бойынша нормативтік – құқықтық құжаттар көрсете отырып түсініктемелер берілді. Диалогтық алаңға білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Мектеп әкімшілігімен жаңартылған білім беру мазмұны, 5 күндік оқу аптасын енгізу, курстық даярлықтағы мұғалімдерді ауыстыру бойынша сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға түсіндірмелер мен әдістемелік ұсынымдар берілді.