«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұмыс берушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жасау жағдайы ТжКББ жүйесінің ауданның экономикалық талаптарына сәйкес факторы ретінде" тақырыбында дөңгелек үстел

18.09.2017

2017 жылғы 15 қыркүйекте Атбасар қаласы №1 индустриалдық- техникалық колледжінің базасында өңірдің кәсіпкерлерінің колледж инженерлік-педагогикалық ұжымымен кездесуі өтті. Кездесуге педагогтер, колледж студенттері, білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы С.С.Сералина, Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.А.Тажмиева, Атбасар ауданының кәсіпкерлері: Жапаров М. Д «АЭРЗ «Камкор Локомотив» ЖЖС директоры, Забалдин В. И. «Лана» ЖЖС бас инженеры, Жангозина Г. Ж. Атбасар ауданы Жұмыспен қамту орталығы басшының орынбасары және т.б. қатысты. Әңгіме барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы, пәндердің мазмұнына өзгерістер енгізу туралы ортақ пікірге келді. Бизнес-құрылымдардың өкілдерімен оқу процесін тереңдетіп оқыту мақсатында кәсіпкерлердің өндірістік оқыту сабақтарына қатысуы ұсынылды.

Кездесу аясында студенттер мен педагогтердің күшімен колледж мамандықтарының тұсау кесері, сондай-ақ студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары кездесу бойынша оң қорытынды шығарды.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст