Текст
Әдістемелік күндер Егіндікөл ауданының № 2 орта мектебінде және Целиноград ауданы Ақмол ауылының № 5 орта мектебінде білім беру мекемелері директорларының, мектеп директорларының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, білім бөлімінің әдіскерлерінің қатысуымен өтті. Диалогтық алаңға барлығы 145 адам қатысты.
Диалогтық алаңды өткізу барысында жаңартылған білім беру мазмұнынының ерекшеліктері, курстық даярлық, 5 күндік оқу аптасын енгізу, санитариялық – эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтау, 2, 5,7 сыныптардағы МЖМБС, мектепішілік басқару мәселелері, жұмыс оқу жоспарларын құру, ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс жөніндегі мәселелер талқыланды.