«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылғы 8 мен 15 тамыз аралығында өткен 2016-2017 оқу жылғы зияткерлік конкурстар қорытындысы бойынша оқушылар– жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған Халықаралық лингвистикалық лагерьге қатысушы туралы ақпарат

05.09.2017

3-11 сынып оқушыларының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттыру үшін "Дарын" РҒПО жыл сайын ағылшын, неміс, француз және испан тілдерінен "Кенгуру-лингвист" Халықаралық ойын сайысын өткізеді.

"Кенгуру-лингвист" Халықаралық сайысқа Ақмола облысының атынан 14 ауданнан, Степногорск қаласынан және Көкшетау қ. облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №3 мектеп- интернатынан 1138 оқушы қатысты. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ал барлық ойын қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Көкшетау қ. облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №3 мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Хайруллина Алина 2017жылғы 8-15 тамыз аралығында (Румыния) Сулина қаласындағы халықаралық лингвистикалық лагерге шақырылды.

Біздің Республикамызды бес облыстың оқушылары таныстырды: Косымбаев Альтаир Атырау қаласынан, Ким Дмитрий Қостанай қаласынан, Горбатюк Святогор Павлодар қаласынан, Анламас Шакизат Шымкент қаласынан, біздің облыстан Хайруллина Алина.

Қазақстаннан шыққан команда Астанадан Стамбул қаласына 7 тамыз күні ұшып кетті, ол жерден Бухарсетке басқа рейспен отырды. 8 тамыз күні (Румыния) Констанция қаласына автобуспен жетті, ал (Румыния) Сулина қаласына Дунай бойынша жүзіп өтіп, Румыния уақыты бойынша 8 тамыз күні сағат 19.00 келіп жетті.

Интеллектуалды ойын жеңімпаздары үшін жол өте әсерлі болды.

Оқушылар– жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған Халықаралық лингвистикалық лагерьде ең үлкен іс-шара математика және ағылшын тілдері бойынша конкурс болды, оған үш мемлекеттен қатысты: Қазақстан, Болгария және Румыния. Қызықты бағдарламалар көп болды: латин америкалық билер, дебат, кәсіби фотоға түсіру болды.

Осы конкурста біздің елдің патриоттық әнін ұсыну керек еді, біздің команда "Тек алға" ән шырқады, бірақ басты қызығушылық балалар Румыния өкілімен біздің әнді жаттаған және ол қазақ тілінде ән орындау керек болды, ал көрермен қандай халық әні екенін анықтау тиіс еді. Көрермендерге ән ұнады және балалармен бірге олар Алға, Қазақстан! әнін айтты.

Сондай-ақ Қара теңізде жүзу Дунайда яхтамен саяхат және Сулинада велосипедпен жүру ұмытылмас әсер қалдырды. Болгария балалары өте кеңпейілді, ал Румыния халық өте мейірімді және қайырымды.

Барлық конкурс қатысушыларына- мықты денсаулық, оқуда табыс және көптеген жеңістер тілейміз.

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст