«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетауда ҚР педагогикалық қызметкерлерінің «Бірге оқимыз: жаңартылған мазмұндағы білім беруді іске асыру жағдайында мұғалімнің әдістемелік сүйемелдеуі» тақырыбындағы тамыз секциялық кеңесі болып өтті.

16.08.2017

2017 жылғы 15 қыркүйекте физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде және Көкшетау қ. №1 МГ ҚР педагогикалық қызметкерлерінің «Бірге оқимыз: жаңартылған мазмұндағы білім беруді іске асыру жағдайында мұғалімнің әдістемелік сүйемелдеуі» тақырыбындағы тамыз секциялық кеңесіне қатысу үшін облыс аймақтарының мыңға жуық педагогы жиналды.

Шараны ұйымдастырушылар-Ақмола облысының білім басқармасы және Көкшетау қ. "Назарбаев Зияткерлік мектебі» болды.

Кеңес бағдарламасында пленарлық отырыс, секциялық сабақтар өтті, Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5,7 сынып мұғалімдері үшін оқыту семинары, НЗМ педагогтарының білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шеберлік сыныптары болды. №1МГ бастауыш мектеп мұғалімдері үшін шеберлік сыныптары болды, оларды облыстағы жаңартылған мазмұндағы білім беруді бірінші болып енгізген пилоттық мектептердің (Степногорск қ. №5 МЛ және Бұланды ауд.Никольск ОМ) тренерлері өткізді.

Кеңеске қатысушылар үшін жүйелі – әдістемелік кешені мен сандық білім беру ресурстары ұсынылды. Барлық мұғалімдер электрондық жеткізгіште конференция материалдарын толықтай алды.

НЗМ және пилоттық мектептердің тренерлері өте мазмұнды материал дайындады, әрбір секция белсенді түрде өтті, барлық педагогтар өз көзқарастарын білдіру, практикада қызықтыратын сұрақтарды талдау мүмкіндігіне ие болды. Ақмола облысының ұстаздары секцияларда өткен шеберлік сыныптарына шабытпен қатысып, жаңа оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнын 1, 2, 5, 7-сыныптарда енгізу бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін үлкен багаж алды.

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст