Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақтанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру, білім берудің мазмұнын жаңарту аясында 2017-2018 оқу жылына арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы педагогикалық ұжым қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындау мақсатында 2017 жылдың 9-10 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университет (Алматы облысының Қаскелең қаласы) базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының (бұдан әрі –МББҰ) педагогтары үшін «Білім – болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» тақырыбында республикалық тамыз педагогикалық кеңесін өткізді.
Тамыз педкеңесінің жұмысына МББҰ мектеп директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагогикалық ЖОО-ның ғалымдары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері шақырылды. Біздің облыстан 10 адам қатысты.
Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» «Білім – болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» тақырыбындағы мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде үздік көрме әзірлеген үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды