«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік қызмет жұмысшыларының кеңесі

26.06.2017

2017 жылғы 23 маусымда Көкшетау қ. №1 Сервистік-техникалық колледж базасында колледждер әдіскерлерінің семинары болып өтті. Семинардың мақсаты:әдістеме саласындағы қызметтің қорытындысын жасау, 2017-2018 оқу жылына жұмыс жоспарын жасау.

Семинарға облыстың ТжКББ ұйымдарынан 29 әдіскер қатысты.Семинар шеңберінде колледж педагогтарының шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

Әдіскерлік жұмыстың талдауын ББ ОӘК әдіскері С.Сералина ұсынды, ол әдіскерлер жұмыстарының жекелеген сәттеріне тоқталып өтті: кәсіби шеберлік байқауына қатысушыларды даярлау, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, педагогтарды аттестаттау.

Педагогтарды аттестаттау жөніндегі сараптау комиссиясы жұмысының талдауы бойынша Көкшетау қ. №1 құрылыс-техникалық колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары У.О.Мұратбеков баяндады.

Щучинск қ. Жоғары колледжінің әдіскері К.М.Жаманбаева облыстық «Үздік педагог» байқауына педагогтарды даярлау тәжірибесімен бөлісті.

Ж.М.Атындағы Жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік қызмет жөніндегі орынбасары А.Е.Бейсембинаның баяндамасы «Система менеджмента качества – подготовительный этап аккредитации учебного заведения» тақырыбына арналды.

Семинарға қатысушылар аталмыш мәселелерді талқылауға белсене қатысты, бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар қабылдады.

Просмотров: 380


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст