Ақмола облысы білім басқармасы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 19-20 мамыр күндері Бурабай ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту – болашаққа бағдар» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Республикалық семинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері үштілде білім беру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент – Сырымбетова Ләйла Сарқытқызы және жаңартылған білім беру мазмұнын тарату орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мұхамедханова Алмагүл Кеңесханқызы қатысты.
Семинар қатысушылары - облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қызметкерлері және аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері.
Республикалық семинар жұмысы дөңгелек үстел түрінде жүргізілді. Жұмыс барысында тақырып бойынша өзекті сұрақтар қызу талқыға салынды.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинет директоры Құдабаева Қарлығаш Есімқызы семинар жұмысын қорытындылады.
Республикалық семинар нәтижесінде әдістемелік ұсынымдар қабылданды.