Текст
Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика Ғылым Академиясы Қоғамдық қоры, Астана қаласында 2017 жылдың мамыр айының 17 күні 2016-2017 оқу жылында «ХЭИжПҒА» мен «Жас ұрпақ» орталығының ұйымдастыруылмен өткен байқаулар, олимпиадалар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар қорытындысы бойынша «Республиканский слет одаренных детей - 2017» атты жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімін өткізді. Ақмола облысы бойынша Атбасар және Шортанды аудандарынан 32 жеңімпаз аталмыш шараға қатысты.
Байқаулар, олимпиадалар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!