16 мамыр Балкашин №1 орта мектебінде « «Балкашин №1 орта мектебі» ММ ресурстық орталығындағы тірек мектебінің жұмыс істеуі мен болашақ механизмі туралы» тақырыбында облыстық аймақтық семнар өтті. Мектеп фойесінде тірек мектебінің және магниттік мектебі (Владимировка НМ, Лесхоз НМ, Петровка НМ) оқушыларының жұмыстарымен безендірілген әдістемелік және шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Тірек мектебінің мұғалімдері ашық сабақтар өткізді :
8 сынып – алгебрадан «Квадраттық теңдеулер» тақырыбында - Атаева Айгуль Мухамеджановна; 8 сынып – орыс әдебиетінен «Проблема выбора жизненного пути в литературе и жизни»тақырыбында - Спиридониди Ольга Николаевна; 9 сынып – қазақ тілінен «Қазақтың зергерлік әшекейлері»тақырыбында - Капобаева Баян Тулегенкызы;
9 сынып – ағылшын тілі «Жерді құтқарыңдар!»тақырыбында - Полякова Наталья Васильевна.
Алимжанова Алтын Казиевна «Біздің қоғамдағы жемқорлық: себебі, салдары, алдын алу» тақырыбында диалогтық алаң нысанында сыныптан тыс іс – шара өткізді.
Дөңгелек үстел кезінде педагог-организатор Покамина Ольга Геннадьевна ««Балкашин №1 орта мектебі» ММ ресурстық орталығындағы тірек мектебінің жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасап, қызықтырған сауалдарға жауап берді.