«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біз-халық . . . Мен – Қазақстан азаматымын» Жобасы бойынша I (бірінші) облыстық қоғамдық жастар тыңдауының қорытындысы туралы ақпарат

16.05.2017

Ақмола облысы білім басқармасының 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Азаматтық білім беру ғылыми-ақпараттық орталығының (Астана қ.) қолдауымен, Көкшетау қаласының № 13 "ЭКОС" экологиялық мектеп-гимназиясында Ақмола облысы жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Біз-халық . . . Мен – Қазақстан азаматымын» Жобасы бойынша I (бірінші) облыстық қоғамдық жастар тыңдауы болып өтті.

Байқаудың мақсаты - оқушылар мен студенттерді жобалау қызметімен шұғылдануға тарту, жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Байқау «Біз-халық . . . Мен – Қазақстан азаматымын» оқу бағдарламасы бойынша жұмыстың шарықтау шегі болып табылады, оның орындалуы барысында оқушылар мен студенттерге жергілікті қоғамдастықтың маңызды мәселелерінің бірін анықтау, оны зерделеу, сондай-ақ оны шешудің өз нұсқасын ұсыну қажет болды.

Қазылары алқасының құрамына облыстық мәслихат депутаттары, білім басқармасының өкілдері және Көкшетау қ. ішкі саясат бөлімінің жастар саясаты жөніндегі өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері кірді. Тыңдаудың облыстық кезеңінің модераторы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты М. Ө. Ибраев болды.

Тасқын су қаупі туындау жағдайына байланысты аудандық мектеп және колледж оқушыларының командалары Тыңдауға онлайн режимде - қатысты.

Тыңдаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 25 команданың 129 қатысушысына оның ішінде 29 педагогқа (команда жетекшілеріне) және 100 оқушы мен студентке қатысу сертификаттары табыс етілді.

Грамотамен марапаталды:

- «Үздік бірлескен жұмыс үшін» номинациясы бойынша Көкшетау қ. №17 ОМ командасы;

-«Үздік рәсімделген Портфолио» номинациясы бойынша Көкшетау қ. Красный яр с. №3 Агротехникалық колледж командасы;

-«Үздік презентация» номинациясы бойынша Көкшетау қ. Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж командасы;

III дәрежелі дипломдармен:

- Көкшетау қ. №1 Құрылыс техникалық колледжінің командасы («Көкшетау қаласында студенттік маршруттық автобусты іске қосу» жобасы).

- Атбасар ауданы Мариновка орта мектебінің командасы («Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» жобасы)

- Көкшетау қ. М.Ғабдулин атындағы №3 орта мектеп-гимназиясының командасы («Қопа көлінің ластануының алдын алу жолдары» жобасы);

II дәрежелі дипломдармен:

- Көкшетау қ. Красный яр с. №3 орта мектеп-гимназиясының командасы; («Красный Яр селосындагы жаяу жургiншiлер жолы»жобасымен);

- Көкшетау қ. №11 орта мектеп-гимназиясының командасы («Үйсіз жануарлар» жобасы).

I дәрежелі дипломдармен:

Бурабай ауданы Щучинск қ. экология және орман шаруашылығы колледжінің командасы («Гүлденген аялдамалар - Қазақстан қалаларының экологиялық-эстетикалық мәселелерінің шешімі» жобасы»).

Гран-при дипломымен конкурс Көкшетау қаласына Зеренді бағытынан кіру аймағында "Жатқан» полицейді орнату" жобасын ұсынған Көкшетау жоғары медициналық колледжінің командасы.

"Біз халық... азамат Жобасы" оқу бағдарламасы оқушылар мен студенттердің жергілікті және өңірлік деңгейлерде әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Просмотров: 674


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст