«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы ІІ Республикалық «ДІНТАНУ» пәндік олимпиадасы туралы қорытынды ақпарат

05.05.2017

2017 жылдың 3-4 мамыр айында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік униветситеті «Түркістан-Түркі әлемінің астанасы» тақырыбы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында II Республикалық «Дінтану» пәндік олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада мәреге жету кезеңі - екі турдан тұратын оқушылардың сайысы:

1) Бірінші тур «Шығарма» - жалпы дамуға тапсырмалар (жазбаша, шығарма жазу);

2) Екінші тур «Таным» - теориялық білімге ауызша тапсырмалар.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету. Дінтану және теология мамандықтарына талапты талапкерлерді тартып, олардың мамандыққа қызығушылығын арттыру, жеткіншектердің жеке тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау, дін саласына ғылыми ізденушілігіне қызығушылығын арттыру.

Ақмола облысы бойынша Целиноград ауданынан 2 оқушы қатысты:

1. Бурбаева Айсара - Целиноград ауданы, №21 Софиевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

2. Елтай Жаңылгүл - Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

Олимпиада қорытындысы бойынша Бурбаева Айсара жеңімпаз атанып І дәрежелі димломмен марапатталды және Елтай Жаңылгүл қатысушы сертификатына ие болды.

Просмотров: 454


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст