«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адам- Жер- Ғарыш» саласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша» ғылыми - зерттеу жобаларының Жалпыресейлік «Созвездие» олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат

24.04.2017

2017 жылғы 17-22 сәуір аралығында Мәскеу облысы Королев қаласында «Адам-Жер-Ғарыш» саласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының Жалпыресейлік «Созвездие» олимпиадасы өткізілді.

«Созвездие» олимпиадасының мақсаты экологиялық бағытта ойлайтын, сауатты эстетикалық талғамды және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс- шараларға қатысуға деген ұмтылысы бар 21 ғасырдағы жетілген үйлесімді тұлғаның шығармашылық жағынан жан-жақты дауын қалыптастыру.

Балалар мен жастардың инженерлік-техникалық және зерттеу мамандықтарына деген қызығушылықтарын дамыту.

"Созвездие" олимпиадасының міндеттері:

-өсіп келе жатқан ұрпақты қазіргі замандағы экологиялық мәселелерді ұғынуға және оларды шешуге тарту;

-балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-зерттеу мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру;

-кәсіби бағдар беру;

-балалар мен жастарға отандық ғылымды және техниканы, ұлағатты отандастардың өмірі мен қызметтерін мысалға ала отыра патриоттық тәрбие беру.

Ақмола облысынан олимпиадаға Кингушанов Аслан – Астана қаласы, облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №2 мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы «Бағдарламалау» бағыты бойынша ««GEOGEBRA» бағдарламасын мектепте қолдану» тақырыбында қорғады және II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Просмотров: 755


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст