Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Ақкөл ауданының Новорыбинка орта мектебінде ағымдағы жылдың 18 сәуірінде шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарында оқу үрдістерін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Ақмола облысының бірнеше ауданыннан 38 мұғалім қатысты.
Қатысушылардың назарына 4 ашықсабақ ұсынылды: біріктірілген сыныптаға қазақ тілі - «Дара және күрделі сан есім» 2 сынып «Сан есім. Есептік сан есім» 3 сынып (Әдебиет Гүлрауза – үшінші деңгей мұғалімі),
Математика сабағы «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шығару» 6 сынып, «Квадрат теңдеулерді интервалдар тәсілі арқылы шығару» 8 сынып (Хауази Оралсын - бірінші деңгей мұғалімі),
Қазақ әдебиеті сабағы «Қ.Мырза-Әлі «Ана» өлеңі» 5 сынып, «Қ.Ысқақов «Қоңыр күз» повесі» 7 сынып (Хажат Алма - бірінші деңгей мұғалімі),
Қатысушылар мектеп кабинеттерін аралап, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктеріне көз жеткізді. Соңында қатысушылардың назарына сыныптан тыс 5 - 7 сынып оқушыларына арналған «Тарих ғасырлар куәсі» сабағы ұсынылды. (Кап Акмарал – үшінші деңгей мұғалімі).
Семинардың соңында қатысушыларға дөңгелек үстел ұйымдастырылып, баяндамалар тыңдалды, іс-шараның қорытындысы жасалды.