«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Байқоңыр қ. "Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми жұмыстар конкурсы туралы ақпарат

11.04.2017

5-9 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында дарынды балаларды анықтау және дамыту, олардың шығармашылық өзін-өзі танытуға жағдай жасау, ынталы оқушыларды бейіналды дайындау және экономикалық мектеп бағдарламаларын іске асыру мақсатында "Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми жұмыстар конкурсы өтті.

Байқоңыр қаласында балалар  Байқоңыр ғарышалаңы мұражайына, «Боран» орбиталдық кемесіне, академик С.П.Королевтың мемориалдық, тұңғыш Жер планетасының ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлеріне және Байқоңыр қаласының мемориалдық және тарихи жерлеріне,  қалалық ғарышкерлер мұражайына, «СОЮЗ» ғарыш тасығыш-зымыран; континентаралық балистикалық әскери зымыран; «Аполлон-Союз» кеңес-американ ғарышқа ұшуына қойылған «Ғарыш-Ғылымға»; қаза тапқан зымыран-сынаушылар; академиктер С.П.Королев, М.К.Янгель, В.Н.Челомей, В.П.Глушко, В.П.Бармин, М.С.Рязанский, Н.К.Кузнецов монументтеріне  саяхатқа барды.

 Қорытындысы бойынша 5 қатысушы: Тасбулатов Асхат  - Астана қ., дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, және  Сабуров Султан –Көкшетау қ., №19 ОМ 11 сынып оқушысы  үшінші жүлделі орынға ие болды.

 Қалған үш қатысушы мақтау қағаздарымен марапатталды: Альпеисов Диас –Көкшетау қ., дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы,  Кейзеров Владислав - Көкшетау қ., №19 ОМ 10 сынып оқушысы және  Каиргельдинов Ахат - Көкшетау қ., дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы.

Просмотров: 495


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст