2017 жылдың сәуірдің 6-7 күндері дарынды оқушыларға қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының басшылығымен "Әл-Фараби" атындағы Қазақ ұлттық университеті жыл сайын Қазақстан республикасының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасын өткізді.
Ақмола облысынан қашықтықтан өткізілген бірінші және екінші кезеңдерінің олимпиаданың жеңімпаздары қорытынды (үшінші) кезеңіне 2 оқушы қатысты.
Олимпиадаға қатысудың қорытындысы бойынша біздің облыстан Көкшетау қаласы, 12 орта мектебінің оқушысы Кусаинова Ляззат жеңімпаз ретінде атанып І дәрежелі дипломмен марапатталды және Кенжибек Сапарбекке қатысқан үшін сертификат берілді.
11-сынып оқушыларына арналған "Әл-Фараби" Республикалық олимпиаданың қорытынды айналымының жеңімпазын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!