2017 жылдың 15 - 17 наурыз айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының (Ақмола облысы, Щучье қаласы) базасында оқушылардың бойында зерттеушілік қабілеттерін дамыту және кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында оқушылардың зерттеу жобаларының мен шығармашылық жұмыстары XII республикалық «Зерде» конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Конкурстың негізгі міндеттері:
- зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
- оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қатынас ұйымдастыру;
- қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне қоғамдық назар аудару.
Конкурсқа облыстың Астрахан, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград аудандарынан, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынынан және Көкшетау қаласынан конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары 16 жас зерттеушілер қатысты. Келесі секциялар бойынша жұмыстар ұсынылды:
1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
3 секция - математика, информатика;
4 секция - физика, техника;
5 секция - медицина, психология;
6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7 секция - химия, биология;
8 секция - экология, валеология.
Әр бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименталды және ойлап тапқыштық жоспарда болды.
Конкурстың қорытындысы бойынша түрлі секцияларда 5 оқушы (5 жұмыс), 1 орынға ие болды, 6 оқушы 2 орынға (5 жұмыс, олардың ішінде 1командалық жұмыс), 4 оқушы (4 жұмыс) 3 орынға иеленді.
Конкурстың барлық қатысушыларына қатысушы сертификаты берілді.
І дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:
Маралов Бахтияр- Көкшетау қаласы, №19 орта мектебінің 6 сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы;
Жексенбай Ержан - Көкшетау қаласы, №3 Красный Яр көп салалы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы, «Медицина, психология» секциясы; Базарбай Райана - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин ат.№3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы, «Химия, биология» секциясы;
Кажина Аяжан - Көкшетау қаласы, №3 дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы, «Химия, биология» секциясы;
Краснопольская Анастасия - Көкшетау қаласы, №17 орта мектебінің 2 сынып оқушысы, «Экология, валеология» секциясы.
ІІ дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:
Жеңіс Назым, Сәкен Жансая - Көкшетау қаласы, №1 Красный Яр орта мектебінің 7 сынып оқушылары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы;
Казкенов Алихан - Көкшетау қаласы, №16 орта мектебінің 3 сынып оқушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы;
Мәжікен Әсәдуллах - Көкшетау қаласы, №1 орта мектебінің 6 сынып оқушысы, «Математика, информатика» секциясы;
Гауэрт Артур - Көкшетау қаласы, №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы, «Экология, валеология» секциясы;
Касенова Аружан - Көкшетау қаласы, №6 орта мектебінің 4 сынып оқушысы «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі қатысушылар марапатталды:
Сабырбек Ұлпан- Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 6 сынып оқушысы, «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы;
Морозова Анастасия - Жақсы ауданы, Қ. Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінің 4 сынып оқушысы, «Физика, техника» секциясы;
Рахметулин Адият - Көкшетау қаласы, №5 «Тандау» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы, «Физика, техника» секциясы;
Ермекова Камшат- Қорғалжын ауданы, Қорғалжын мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы, «Медицина, психология» секциясы.
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!