Жаңа форматты сабақтар арқылы жаңартылған білім мазмұнын дамыту мақсатында 2017 жылдың 15 наурызында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Арықты орта мектебінде «Оқу үдерісін жаңартылған оқу мазмұнына бағыттау» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Жаңартылған оқу бағдарламасында оқудың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтастыруды және заман талабына сай кіріктірілген сабақтар өткізілді. Сонымен қатар үштілділік саясатын жүзеге асыру үшін 5 - 6 жасар және 1, 6, 11-сынып оқушыларымен ағылшын тілінде сабақтар өткізіліп, мұғалімдер тәжірибе алмасты.
Аталмыш семинарға Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Шортанды, Қорғалжын ауданның мұғалімдері мен білім бөлімінің әдіскерлері, Қорғалжын ауданының барлық жалпы білім беретін мектеп директорлары қатысты.
Білім бөлімінің басшысы Рыспаев Сартай Мырзабекұлы өз ойымен бөлісіп, семинардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өтілгенін атап өтті.
Соңында Ақмола облысы білім басқармасы оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері Смаилова Майра Исполовна семинар жұмысын қорытындылау мақсатында қатысушылармен пікір алмасу жүргізіп, тренинг өткізді.