«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жаратылыстану циклі пәндері бойынша түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындау технологиясы» тақырыбы бйынша химия, биология және география пәндері мұғалімдеріне арналған өңірлік семинардың өткізу қортындысы

14.03.2017

Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті" КММ іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы түлектерді оқушылардың қорытынды аттестаттауына дайындау бойынша 2017 жылғы 2 наурызда Зеренді ауданының №2 орта мектебі базасында өңірлік семинар болып өтті.

Семинарда Зеренді, Бұланды, Бурабай, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қ. мектептерінің 11 сынып оқушыларына оқытуды қазақ және орыс тілдерінде жүргізетін химия, биология және география пәндерін мұғалімдері болды. Семинар жұмысына – 62 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты – қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдармен танысу, ҒЖЦ пәндерінің ҰБТ тапсырмаларының жаңа форматына назар аудару, Семинар ҒЖЦ пәндерінің мұғалімдеріне 2017 жылғы қорытынды аттестаттауға байланысты түсіндіру жұмыстарының жүргізілетінімен өзекті болды.

Семинарда педагогтар Зеренді ауданында ғылымижаратылыстану циклі пәндерінен оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың жалпы жүйесіндегі ерекшеліктерімен, сондай-ақ, Көкшетау қ., Бурабай ауданы мұғалімдері тәжірибелерінің презентациясымен танысты.

Семинар жұмысының барысында оқу қызметінің проблемалық алаңы талқыланды: бақылау-өлшеу материалдары қорына жоғары тәртіптегі тапсырмаларды енгізу қажеттілігі, жаңа форматтағы ҰБТ тапсырмаларын шынайы жағдайға барынша жақындата отырып, орындау уақытын регламенттеу, белсенді оқытудың инновациялық идеяларын тарату бойынша оқыту семинарларын өткізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырма тренажерлерінің үлгілерін құрастыру және оқушыларды психологиялық сүйемелдеуді реттеу тәсілдерін қолдану.

Барлық педагогтарға "Білім Land" беттері бойынша әдістемелік интернет-порталды көмекке пайдалану ұсынылды және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның, ҰТО қорытынды аттестацияға дайындалу материалдары.

Просмотров: 642


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст