«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепалды даярлық топ балаларына арналған «Тілдің үштұғырлығын дамыту, ең үздік бағдарламасы» облыстық конкурсы өткізілді

27.02.2017

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық білім берудегі мониторинг, жаңа технологиялар, ақпараттандыру және оқу-әдістемелік жұмыс орталығы» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан 28 ақпан аралығында «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған «Тілдің үштұғырлығын дамыту, ең үздік бағдарламасы» атты облыстық (сырттай) конкурсын өткізді. Конкурс тілдердің үштұғырлығын дамыту бойынша заманауи бағдарламаларды, мектепалды даярлық топтарда және сыныптарда тілдердің үштұғырлығын тиімді дамытуға мүмкіндік туғызатын үздік инновациялық технологиялар мен әдістемелік нұсқаулықтарды анықтау мақсатында өткізілді.

Аталмыш конкурсқа мекемелер өздерінің шығармашылық топтарымен авторлық бағдарламаларын құрастырып бағдарламаға сай аттарын қойып, ұсынды. Конкурсқа облыс бойынша Щучинск.қ №2 мектеп гиммназиясының «Тәй-Тәй.Go-Go» бағдарламасы, Ақкөл ауданы,№2 ақкөл орта мектебінің «Мен және қоршаған орта» бағдарламасы, Бурабай ауданы, Шучье.қ «Ромашка» бөбекжайының «Мектепалды даярлықтың балаларыүшін тіл үшбірлігін дамыту» бағдарламасы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының №1 орта мектебінің «Мектепалды даярлықта 5-6 жас балалардың сөз қорын дамыту»бағдарламасын, Көкшетау қаласы №2 «Жұлдыз» балабақшасының шығармашылық тобы құрастырған бағдарламасын құрастырып өз үлестерін қосты. Конкурстың өзіндік бағалау критерийлері мен қойылатын талаптары берілді.

Конкурстың нәтижесінде, қойылған барлық талаптарға сай, сапалы, мағынасы жағынан кең ауқымды, талапқа сай безендіріліп құрылған бағдарламалар орынға ие болып, Конкурс жеңімпазына және қатысушыларға Диплом, грамоталар берілді.

Просмотров: 691


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст