«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат

17.02.2017

2017 жылдың 16-ақпанында Зеренді ауданындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде «Бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Қалыптастырушы, жиынтық бағалауға қатысты үрдістер, бағалау рәсімдерін іске асыруға қолдау көрсету.

Семинарға ауданнның 37 мектебінен 1-ші сыныпқа сабақ беретін 40-тан аса мұғалім, педагогикалық шеберлік орталығының тренері Журунтаева Сауле қатысты.

Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде 1-ші сынып мұғалімі Г.Калибаева «Сауат ашу» пәнінен ашық сабақ өткізді. Қатысушылар критериалды бағалаудың маңыздылығы мен білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, С.Журунтаева критериалды бағалау өткізудің тәртібі туралы нұсқаулықтағы ережелермен таныстырды. Семианарда 1-ші сыныптың мұғалімдерінің критериалды бағалау туралы қойған сұрақтары бойынша тренер жауап берді.

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст