«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сандықтау орта мектебін» аттестаттауға дайындау жүргізуге байланысты ұсыныстар құру бойынша анықтама

14.02.2017

1. Мектеп қызметінің ішкі тәртібін регламенттейтін құрылтайшы құжаттары (мемлекеттік тіркелу туралы куәлік, статкарта, Жарғы, лицензия) бар.

2. Педагогикалық кадрлар саны – 29: жоғары санатпен – 3 мұғалім, бірінші санатпен - 8 мұғалім, санаты жоқ-9 мұғалім, екінші санатпен 7 мұғалім. Пайыздық қатынаста жоғары санатты педагогтар– 1%, бірінші санатты педагогтар -27%, 26 оқытушы жоғары біліммен, 2 оқытушы арнайы-орта біліммен. 25 мұғалім білім беру мазмұнын жаңарту және деңгейлік оқыту мәселелері бойынша біліктілігін жоғрылату курстарынан өтті, оның ішінде 1-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1- мектеп директоры.

3. Білім алушылар саны 270 адамды құрайды, 50 адам – мини орталықта. Сыныптардың толықтырылуы әр түрлі: бастапқы буында -20-дан астам, тоғызыншы сыныпта-25 адам, он бірінші сыныпта – 12 адам. Оқушылар құрамы оқыту аумағының снитарлық нормаларына сәйкес келеді. Журналдарда оқушылардың келу бақыланып отырады.

4. Оқу-әдістемелік жұмыста негізгі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Геометрия пәні, орыс тілі пәні,қазақ тілі пәні бойынша, Қазақстан тарихы пәні, бастапқы буын бойынша, география және т.б, пәндер бойынша он шақты сабаққа қатысылды.Оқу-әдістемелік құжаттама қолда бар, бірақ міндетті түрде тұрпатты жұмыс жоспарларының мемлекеттік стандартқа сәйкес еместігіне көңіл аудары. Әкімшіліктің түсіндіруі бойынша негізгі себептері: сабақтарды алмастырудың мүмкін еместігі, мұғалімдердің ұзақ сырқаттануы. химия, бастауыш сыныптар, тарих бойынша мемлекеттік стандарттың орындалмауы байқалады.

Мектеп бұйрығы бойынша жеке кесте бойынша бағдарламалардың орындалуын сәйкестікке ккелтіру ұсынылды.

Заманау педагогикалық технологиялар мен әдістерді оқыту процесіне енгізу білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламалары талаптарына жауап бермейді. Оқыту сабақтарын өткізудің деңгейі мен сапасын жоғарылату қажет, күнтізбелік-тақырыптық, сабақ жоспарларын (барлық пәндер бойынша бүкіл мұғалімдерге бір стильде ресімдеу) бір жүйеге келтіру. Пәндік кабинеттердің ресімделу деңгейінің нашарлығы, кабинеттердегі көрнекі, дидактикалық материалдар жүйелілік жоқ. Заманауи техникалық құралдарды (экран, слайдтардың, виртуалды зертханалардың) пайдаланылуына көңіл бөлу керек.

5. Тәрбие жұмысы «Кешеді тәрбие беру бағдарламасына» сәйкес орындалуда.

6. Меншік құқығында тиесілі пайдалы оқыту аумағы санитарлық нормаларға сәйкес. Мектепте бір ауысыммен оқиды. 1 физика кабинеті, 1 биология кабинеті, информатика кабинетімен жарақталған, алайда интерактивтік жабдықтармен жарақталу жағы жеткіліксіз. Бастауыш буын сыныптары, математика, ағылшын тілі, тарих сыныптарына жабдықтар қажет.

Дәрігерлік бөлме, асхана, спортзал бар. 2,3 қабаттағы кабинеттердегі температуралық режимі санитарлық нормаларға сәйкес, алайда бірінші қабат кабинеттерінде температура нормадан төмен. Асхана және 1 қабаттағы жекелеген кабинеттерді метепті дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес жылумен жабдықталу мәселесін шешу үшін қаржы қаражатының көлемін зерделеу қажет.

6. Жалпы қор – 7493 кітапты құрайды, оның ішінде көркем әдебиет қоры – 3705 кітап, оқу кітаптары -3788, орыс тілінде -2965 кітап, қазақ тілінде -510 кітап, ағылшын тілінде -313 кітап. 2016 жылы 1771 оқулық түсті. Кітапхана штаттық кестеге сәйкес жинақталған: кітапханашының арнайы орта оқу білімі бар (сырттай оқу түрі). Электронды библиографиялық каталог бар. 2,5,7 сынып оқушыларының алдағы контингентіне назар аудару қажет.

7. Оқушылардың білімін бағалау мәселесінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мен әдістемелік бірлестіктер деңгейінде жүйелі және бірізді жұмыс жүргізу қажет. Бастауыш буындағы әдістемелік бірлестіктердің басшыларына ЖТЦ және қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер басшыларына 25/02 орындаумен жекелеген ұсыныстар берілді.

Мектепішілік бақылау бойынша жұмысты күшейту қажет, білім алушылардың білім сапасына және пәндерді оқыту сапасына (бақылаудағы қатысулар, өзара қатысу, директордың қатысуымен өткізілетін аралық бақылаулар, АББ тестілері, қосымша сабақтар, нашар оқитындармен жұмыс) арттыруға бағытталған түрлі шаралар жүйесіне назар аудару.

Түзету жұмыстарын талап ететін балалармен жұмыстың жеке жоспары. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін» толық басшылыққа алу. Ғылыми іздестіру жұмыстары бойынша жұмысты жүйеге келтіру және күшейту, мектеп оқушыларының ғылыми қоғамдық жұмысын белсендендіру және хаттама бойынша ресімдеу. Педагогтар мен мектеп оқушыларының ішкі және сыртқы (облыстық, республикалық, халықаралық) конкурстарға, конференцияларға, семинарларға қатысу үлесіне назар аудару.

8. Істер номенклатурасы бойынша барлық істердің күйі жұмыс комиссиясымен (әліпби кітабы, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті тіркеу және беру кітабы, орта мектепті бітіру туралы кітапты тіркеу журналы, марапаттау қағаздарын беру және есепке алу кітабы, мектеп педкеңесі хаттамаларының кітабы, оқушылар қозғалысы бойынша бұйрықтар, оқушылардың жеке істері) 2017 жылғы 3 ақпанда қаралды. Анықталған бұзушылықтарды 17 ақпанға дейін жою және аудандық оқу бөліміне ұсыну. Мектеп құжаттамсымен жұмыс істеу барысында заңнамалық актілерді, нұсқаулықтар мен ережелерді қатаң басшылыққа алу.

9. Жалпы оқыту бойынша құжаттарды міндетті түрде пысықтау және сәйкестендіру, ыстық тамақ беретін балалардың тізімін сәйкестікке тексеру, тағам өнімдерінің сынамасын алу.

Мектеп әкімшілігіне ұсыныстар:

1. Аудандық білім бөлімінің барлық ұсыныстарын 17/02 орындау.

2. Мемлекеттік білім беру стандартының орындалуын қамтамасыз ету.

3. Күнтізбелік және сабақ жоспарларын жүйеге келтіру.

4. Барлық құжаттарды істер номенклатурасы бойынша сәйкестікке келтіру.

5. Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жүйеге келтіру. .

6. Пәндік кабинеттерді безендірудің эстетикасын сақтау.

7. Интерактивті жабдықты пайдалану жұмысын жанжандыру.

8. Асханада температуралық режимді жақсарту мүмкіндігін іздестіру.

9. Ішкі тәртіп талаптарын орындау.

10. Жалпы оқыту мәселесі бойынша құжаттарды жүйеге келтіру.

Просмотров: 570


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст