Ақмола облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 8 ақпанда Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласы №2 ОМ базасында Ақкөл, Бурабай, Бұланды, Шортанды, Еңбекшілдер аудандары және Степногорск қ. мұғалімдері үшін «Физика-математикалық бағыттағы пәндерден қорытынды аттестаттауға түлектерді дайындау технологиясы» тақырыбы бойынша аймақтық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына 64 мұғалім қатысты.
Семинардың мақсаты – ҰБТ жаңа форматтағы тапсырмалар шешімін дайындау әдістемесінпысықтау, қателерді талдау және түлектердің білім сапасын жақсарту бойынша жұмысты жетілдіру. Мұғалімдер берілген тапсырмаларды пайдалана отырып ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын жүргізді және түлектермен тапсырмаларды шешу машықтары мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын көрнекі түрде көрсетті. Дөңгелек үстел барысында оқыту қызметі өрісі: түлектерді қорытынды аттестаттауға дайындау барысы, ЖОО дайындау кезінде жаңа форматтағы ҰБТ байланысты проблемалық сұрақтар талқыланды.