2020 жылғы 21 тамызда «Ақмола облысы білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысы шеңберінде оқу – тәрбие процесіне қатысушыларды шоғырландыру» тақырыбында Ақмола облысы білім беру ұйымдарының педагог – психологтары секциясының отырысы өтті.
Секция жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А.Б.Нугертаева, Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Л.С.Курмангалиева, «Жасөспірімдер мен жастарды дамыту» бағдарламасының үйлестірушісі, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі А.Ш.Кадирова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі М.Б.Жантемирова, «Психологиялық мәдениетті дамыту және қолдау» ҚҚ ҮЕҰ жетекшісі И.М.Терентьева, «BILIMFOUNDATION» ҚҚ үйлестірушісі Ж.Ж.Бекахметова қатысты. Секция жұмысына барлығы 86 қатысты.
Пікірталас алаңында келесі сұрақтар талқыланды:
- педагог-психологтардың құзыреттілігі мен рөлін, жасөспірімдердің психикалық денсаулығы саласында денсаулық сақтау мен білім беру жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін нығайту;
- ЖОО-дағы психологтың практикалық қызметінің тәжірибесі (Көкшетау университеті мысалында);
- кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, соның ішінде суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс түрлері;
- Балинт типіндегі психологтарды кәсіби қолдау тобы.
Қатысушылар арасында пікір алмасылды.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.