Педагогикалық жұмысты ұйымдастыру үрдісінің тиімділігі мен оқушылардың білім сапасы педагог қызметінің сапасына, оның біліктілігіне, шығармашылық ойлау дағдыларына байланысты.
Облыс колледждерінің педагогтары үшін ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курстары жалғасуда. Курстардың тақырыптары теориялық және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін арттыруға, әдістемелік білімді жетілдіруге, компьютерлік технологияларды игеруге бағытталған.
2020 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 2000-нан астам педагогы IT-құзыреттерді жетілдіру, орта білім берудің жаңартылған мазмұнының бағдарламалары, инклюзивті білім беру, WorldSkills стандарттарын енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Курстар on-line нысанында өтеді.
20/08/2020 Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ТжКБ бөлімі