Текст
Жаңартылған мазмұндағы білім беруді енгізу жағдайында білім беру ұйымдарында инновациялық тәжірибені пайдалану, оқу бағдарламалары мен орта мерзімді жоспарларын іске асыру және жедел кеңес беруде педагогтарға тұрақты әдістемелік қолдауды қамтамасыз ететін сапалы әдістемелік сүйемелдеу маңызды болып табылады.
Жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына сәйкес 2018 жылдың 27-28 ақпанында Есіл мен Жарқайың аудандарында жаңартылған бағдарлама аясында оқыту семинарлары өтті. Семинарға 90 адам: 5-7 сыныптағы пән мұғалімдері, директордың оқу ісі бойынша орынбасарлары, ауданның әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты.