2018 жылғы 28 ақпан күні Көкшетау қаласының №17 орта мектебінің негізінде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пилоттық мектептерде полилингвальді оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктері» облыстық семинар өтті. Семинарға Көкшетау қаласының мектеп директорларының 45 орынбасары қатысты.
Семинар барысында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын таныстыру және түсіндірі бойынша дөңгелек үстел, «Билингвалды пән мұғалімі» курсынан өткен биология және химия мұғалімдерімен шеберлік сағаттар өткізілді. «Қазақстанның Тәуелсіздігі: тарих сабағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Семинар қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.