2024 жылғы 15 тамызда Көкшетау қаласының № 4 ЖББМ базасында облыс педагогтарының облыстық тамыз кеңесінде «Цифрландыру жағдайындағы инклюзивті және арнайы білім беру» секциясы өтті.
Секция жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері; инклюзивті білімге жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері; инклюзивті тәжірибені енгізу бойынша тірек ұйымдардың меңгерушілері мен басшылары; облыстық ұйымдардың басшылары қатысты.
Секцияда білім беру ұйымдарында ЕББҚ бар балаларды оқыту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер, аудандық (қалалық) деңгейде инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша ресурстық орталықты анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар талқыланды. Көкшетау қаласының № 19 ЖОББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі Ибраева С. Д. «ЕББҚ бар балаларды оқытуда цифрлық білім беру технологияларын қолдану түрлері мен әдістері туралы айтып берді; Р.А. Мұқанова, Көкшетау қаласының № 1 арнайы мектеп-интернатының дефектолог-мұғалімі, PhD докторы «Арнайы және жалпы білім беретін мектептер жағдайында ЕББҚ бар балаларды (тұлғаларды) оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» тәжірибесімен бөлісті; Целиноград ауданының № 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопед-мұғалімі А. П. Батракова «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде жұмыс тәжірибесінен алынған материалдарды таныстырды.
Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Ө. Ибраев секция жұмысын қорытындылады, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста цифрлық құралдарды пайдалану бойынша ұсыныстарды айтты.