2024 жылғы 15 тамызда Көкшетау қаласында «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша біліктілік арттыру институты», Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы «Digital Kazakhstan: жаңа шындықтағы білім», «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар» педагогтардың облыстық тамыз саммитін өткізу шеңберінде облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 60 әдіскерлері мен тәрбиешілеріне секциялық жұмыстар өткізді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты – заманауи цифрлық және ақпараттық технологияларды қолдану, мектеп жасына дейінгі баланы бүгінгі шындықтың цифрлық шындықтарына дайындау болып табылады.
Кейс-сессия және креативті практикум аясында Астана қаласындағы «Bilim kids» ЖШС сату жөніндегі менеджері А.М. Жүсіпбекова, цифрландыру бөлімінің аға бағдарламашысы, Ш.Уәлиханов атындағы «Көкшетау университетінің» КЕАҚ цифрлық офицері, корпоративтік ақпараттық жүйелер магистрі О. С. Альмусаев қатысты.
Жұмыс барысында қатысушылар табысты тәжірибелерімен бөлісті, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы, цифрлық ресурстар арқылы тәрбие-білім беру процесінің сапасын ұйымдастыру, голографиялық 3D проекторды құру және пайдалану, «ArtikMe» ақылды айна кеңістігінде жеке цифрлық орта құру, интерактивті еден, заманауи ойын алаңы ретінде практикалық іс-шараларды талқылады және өткізді, әдіс пен технология және жеке даму картасы, цифрлық білім беру ресурстары, жасанды интеллект технологиялары, цифрлық білім беру ортасындағы ата-аналармен өзара әрекеттесу технологиялары туралы өзекті тақырыптарды талқылады.
Екі секция жұмысының соңында жұмыс үшін ұсынымдар әзірленді.