«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы туралы ақпарат

24.10.2020

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс бағыттарының бірі талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың инновациялық педагогикалық тәжірибесін қолдау болып табылады. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелерін орындау, академиялық еркіндікке, педагогикалық және ғылыми шығармашылыққа деген құқықтар мен кепілдіктерді жүзеге асыру мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Ағымдағы жылғы 15-20 қазан аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында қашықтықтан өткізілген конкурстың қорытынды кезеңіне қатысу үшін облыстық кезеңнің жеңімпаз мұғалімдерінің 27 авторлық жобасы жолданды.

Жолданған жұмыстардың тақырыптары қабілетті және дарынды оқушылармен оқу және оқудан тыс іс-әрекетті жан-жақтан қамтыды. Қатысушылардың жобаларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау унивеситетінің, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан құрылған қазылар алқасы бағалады.

         Белсенді әдістемелік қолдаудың және жеңіске деген зор ұмтылыстың арқасында біздің мұғалімдер жақсы нәтижелер көрсетті:

І дәрежелі дипломдармен Ломачинская Лориса Владимировна, Дискаева Роза Ермековна (Бурабай ауданы), Корчагина Ольга Сергеевна (Степногорск қаласы);

ІІ дәрежелі дипломмен Луговская Татьяна Александровна (Бурабай ауданы);

ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Макурина Елена Валентиновна марапатталды.

«Кәсіби шеберлігі үшін» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің грамоталарымен келесі педагогтер марапатталды: Каскаева Ляззат Байсеркеевна (Жақсы ауданы), Саденова Гульнар Шоптибаевна (Көкшетау қаласы), Спиридониди Ольга Николаевна (Сандықтау ауданы), Даниярова Ботагоз Сатбековна (Бұланды ауданы).

Жеңімпаздар - шығармашылық табиғатынан ерекшеленген, өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасы, алдына қойған мақсаттарына жету мүмкіндігі бар мұғалімдер. Қазіргі құбылмалы жағдайда бұл ұмтылыс өзекті болып табылады.

«Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алдағы жұмыстарына шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз.

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст