2020 жылғы 21,23 қазан күндері«Үздік психолог» облыстық қашықтық конкурсы өтті.
Конкурс педагог-психологтардың кәсіби деңгейін арттыру және шығармашылық әлеуетін барынша толық жүзеге асыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесіндегі практикалық психология қызметінің беделін арттыру мақсатында өткізілді.
Облыстық конкурсқа облыстық білім беру ұйымдарының 19 педагог-психологы қатысты.
Конкурс үш санат бойынша өткізілді:
I санат-3 жылға дейін жұмыс өтілі бар психологтар;
II санат-3-7 жыл жұмыс өтілі бар психологтар;
III санат-7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтар.
Конкурс қорытындысы бойынша :
Бас жүлде- Поляковская Елена Ивановна, Атбасар ауданы Борисовка орта мектебінің педагог – психологы жеңімпаз атанды.
I орын - (1 санат) мектебінің Манатов Аслан Жанатұлы, Жарқайын ауданы Гастелло орта мектебінің педагог – психологы;
II орын - (1 санат) Харьковская Виктория Сергеевна, Жақсы ауданы Қима орта мектебінің педагог – психологы;
III орын – (1 санат) Асан Жанарай, Шортанды ауданы Новоселовка орта мектебінің педагог – психологы.
I орын - (2 санат) Бейсенова Сандыгуль Оразовна, Ақкөл ауданы №2 орта мектебінің педагог – психологы;
II орын – (2 санат) Ташетова Назгуль Булекбаевна, Аршалы ауданы И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің педагог-психологы;
III орын - (2 санат) Боранбаева Акбөпен Социаловна, Астрахан ауданы №2 Жалтыр орта мектебінің педагог – психологы.
I орын - (3 санат) Живушко Татьяна Алесандровна, Бурабай ауданы Ақылбай ауылы орта мектебінің педагог – психологы;
II орын – (3 санат) Турмаганбетова Асем Бахытжановна, Степногорск қаласы Ақсу кентінің №1 орта мектебінің педагог-психологы;
III орын – (3 санат) Сабурова Гульнар Елубаевна, Зеренді ауданы Алексеевка орта мектебінің педагог-психологы.
Облыстық «Үздік психолог» конкурсының жеңімпаздары республикалық психологтар конкурсында Ақмола облысының намысын қорғайды.
Тәрбие жұмысы бөлімінің әдіскері, педагог – психолог: Ермуханова И.И.