«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біліктілікті арттыру курстарында колледж педагогтері

03.09.2024

Үнемі өзгеріп отыратын әлем оқытушылардан кәсіби өсуді талап етеді. Біліктілікті арттыру курстары қазіргі педагогикалық практиканың ажырамас бөлігіне айналды.

Олар педагогтерге жаңа әдістемелерді, технологияларды игеруге, жаңа білім беру стандарттарына бейімделуге және сайып келгенде білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылдың 26 тамызынан бастап Ақмола облысы колледждерінің оқытушылары, педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтері, кураторлары, жатақхана тәрбиешілері үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаһандық құзыреттер», «Техникалық және кәсіптік білім берудегі инклюзивті оқытудың негізгі аспектілері» тақырыптары бойынша курстар басталды.

22 колледжден 98 педагог 72 сағаттық оқудан өтеді, олар  психология саласындағы соңғы зерттеулермен танысады, жаңа цифрлық құралдарды меңгереді, коммуникативтік дағдыларды жетілдіреді, негізгі нормативтік-құқықтық актілер туралы білімді меңгереді.

Сондай-ақ, 2024 жылдың қазан айында өтетін колледж директорларының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курстары жоспарланған.

Педагогтердің біліктілігін арттыру-бұл жалпы білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған үздіксіз процесс.

Просмотров: 2456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст