«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола колледждерінің студенттері WorldSkills International 2024 халықаралық чемпионатына қатысады

03.09.2024

2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Лион қаласында (Франция) WorldSkills International жұмысшы мамандықтары бойынша 59 құзырет бойынша халықаралық чемпионат өтеді, оған 70 ел қатысады.

Қазақстан Республикасы  30 құзыреті бойынша қатысады. Ұлттық құрама құрамында Ақмола облысы колледждерінің үш студенті: Карюкина Алина (сырлау жұмыстары) Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжінің студенті, Қабиболла Еламан (электромонтаждық жұмыстар), Шағалалы ауылының Жоғары агротехникалық колледжінің студенті, Танбаев Асхад (шанақты жөндеу), Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенті қатысады.

Біздін жастарға  өз дағдыларын көрсетуге жүздеген мың келушілермен бөлісуге мүмкіндік беріледі.

Біздің студенттерді дайындаумен халықаралық сарапшылар Ибраев Нартай Ерназарұлы, Айтқожин Асан Болатұлы айналысады.

Біздің командаға жеңіс пен сәттілік!

Просмотров: 547


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст