Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 1 - 30 қазан аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсы өткізілді.
Конкурс мақсаты бастауыш сынып мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін және шығармашылығын ынталандыру болып табылады.
Конкурс 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең - аудандық (қалалық) және 2 кезең - облыстық. Конкурсқа 23 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті директорының дипломдары, грамоталары мен сертификаттары беріледі.
1 орын
Дорофеева Наталья Васильевна, Жақсы ауданы Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
2 орын
Казбекова Гульмира Аманжолқызы, Көкшетау қаласы № 6 орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі;
3 орын
Телицина Анна Михайловна, Бурабай ауданы Дмитриев негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
«Үздік бейне сабақ» номинациясы бойынша Ерейментау ауданы Т.Шаханов атындағы №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назымбекова Меруерт Сериковна;
«Үздік портфолио» номинациясы бойынша Атбасар ауданы Атбасар қ. №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Аягоз Амановна;
«Үздік эссе» номинациясы бойынша Бурабай ауданы Щучинск қаласы №4 орта метебінің бастауыш сынып мұғалімі Кантарбаева Айнур Абдимараловна марапатталады.
17 педагог конкурсқа қатысқаны үшін сертификатқа ие болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!
Турсунбекова Ж. К.