«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-аналарды бірлескен жұмыстың түрлі нысандары арқылы білім беру процесіне тарту» тақырыбында онлайн диалог алаңы бойынша ақпарат

02.11.2020

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2020 жылғы 30 қазанда облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбие-білім беру үрдісінде педагогтердің, ата-аналар мен тәрбиеленушілердің өзара іс-қимылының ұтымды жолдарын іздеу, жандандыру және тарту мақсатында «Ата-аналарды бірлескен жұмыстың түрлі нысандары арқылы білім беру процесіне тарту» тақырыбында онлайн диалог алаңы өткізілді. Жалпы қатысқан 69 адам.

Диалог алаңына педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б. Кушпаева, Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері И.И. Ермуханова, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері, облыстың мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты.

Педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлнар Бүркітбайқызы Кушпаева баяндама жасап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, ата-аналарды балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша бірлескен қызметке тартудың өзекті мәселелері жайлы айтып өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің психологы Ермуханова Инара Ибраимовна өз сөзінде мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық аспектілері, ашуланшақтық, шаршау, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы стресстік жағдайлар туралы баяндама жасады.

Диалог алаңының қатысушыларымен мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру сапасына қанағаттану, ата - аналардың мектепке дейінгі ұйыммен ынтымақтасуға дайындығы, өз баласы туралы барынша ақпарат алу және проблемаларды шешу бойынша психологиялық-педагогикалық консультациялар, балалардың қабілеттерін анықтау қабілеті, басқа балалардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері мәселелері бойынша егжей-тегжейлі талдау және өзіндік ой шабуылы жүргізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың түрлі нысандары арқылы ата-аналарды білім беру процесіне тарту бойынша ұсыныстар берілді.

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст