2020 жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша облыстың жалпы білім беру ұйымдарында және колледждерінде 17314 оқушыны қамти отырып, шамамен 185 іс-шара ұйымдастырылды: «Күзгі марафон» сынып сағаттары, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған СӨС туралы кітапханалық квилт (ақпараттық стенд), Қазақстанда кітапханашылар күніне арналған «Мен кітапханашымын» бейне - эссе, «Оқып болсаң басқаға бер», «Кітап – асыл қазына» челленджі, «ЛитРес» кітапханасы аясында «Жақсы кітап-жан азығы» электрондық буккроссинг –жарнамасы (студенттер biblio.litres.ru сайтында «ЛитРес» тегін қосымшасын алады), Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне арналған тақырыптық көрмесі, «Абай мұрасы – мәңгілік мирас», «Күз – ғажайып мезгіл», «Қызыл кітапқа енген жандар», «Алтын күз-2020», «Менің жеке кітапханам», «Әбу Насыр Әл-Фараби - 1150 жыл», «Қазақ елінің болашағы қазақ тілінде», «Даналық әліппесі», «Қазақтың көрнекті педагог - ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл», «Әл-Фараби - әлемдік тұлға», «Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл», «Менің сүйікті ертегім», «Кітаптарға өмір сыйла», қарттар күніне арналған «Ата-бабаларымыздың беттері бойынша», «Бұл кітаптарды біздің ата-әжелеріміз оқыды», «Атамекен-алтын бесік», «Қарттарым-асыл қазынам» кітап көрмесі, бастауыш «кезекші» сынып оқушыларына арналған «Репка» ертегісі бойынша қуыршақ театры және т. б.
Қатысушылардың жалпы саны 17 мыңнан асады.