2020 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы) Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-сі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үздік бейнесабақтарды іріктеу болып табылады.
Конкурсқа қазақ және орыс тілдерінде оқытатын «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 27 Ақмола облысының орта және техникалық кәсіптік білім беру педагогы қатысты.
Сараптау комиссиясының жұмысына «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ, «Көкшетау қаласының №16 орта мектебі» КММ, «Көкшетау қаласының №21 орта мектебі» КММ, «Көкшетау қаласының гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ және Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК-нен өңірлік жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Ұсынылған конкурстық жұмыстар, ең алдымен, тиісті тақырыптар бойынша сабақ өткізуге арналған материалдардың дайын кешені ретінде әдістемелік құндылыққа ие. Материалдардың дизайны сапалы, көрнекі түрде қабылданады, сабақтың барлық кезеңдері сақталады, сабақ материалын ұсынуда логикалық дәйектілік бар. Ұсынылған конкурстық жұмыстар одан әрі пайдалану үшін ұсынылды.
Конкурс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Бас жүлде - Островская Екатерина Михайловна, Ақкөл ауданының «№2 Ақкөл орта мектебі» КММ;
1 орын – Борамбаева Зарина Раульевна, Атбасар ауданы «Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК;
2 орын – Стрижак Ирина Александровна, Астрахан ауданының «Новоколутон орта мектебі» ММ;
3 орын – Майорова Людмила Дмитриевна, Сандықтау ауданының «Новоникольск орта мектебі» ММ.
Ережеге сәйкес конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Республикалық байқауға қатысады.
Ережеге сәйкес конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогы» республикалық конкурсына қатысады