Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті 2020 жылғы 18-19 қараша күндері мектепке дейінгі ұйымдары арасында балалардың заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, бірлескен ғылыми - зерттеу қызметі мен практикалық тәжірибелер процесінде балалардың танымдық-зерттеу қабілеттерін дамыту,балалардың қоршаған әлемнің физикалық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдары арасында «Балабақшадағы ғылым» STEM-технологиялар конкурсын өткізді. Барлық аудандар бейнероликтер конкурсын әзірлеуге қойылатын талаптарды орындап, атап айтқанда дыбыс пен кескіннің сапалы болуы, шығармашылық тәсіл: ынғайлы фон, музыка конкурсқа мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерінің, ата-аналарының және тәрбиеленушілерінің міндетті түрде қатыстырып белсенді қатысты.
Комиссия шешімі бойынша қарашаның 23 күні жеңімпаздары анықталды:
І орын–Атбасар ауданы №4 «Еркежан» балабақшасы, қаралым-6905-, лайк-2317;
ІІ орын –Бурабай ауданы «Ақ бота бөбекжай » балабақшасы, қаралым-6335, лайк-2111;
ІІІ орын – Астрахан ауданы «Алпамыс» балабақшасы, қаралым-4362, лайк-1069